Астана
22 қазан: күн ала бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C болады.
23 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз 0…+2°C болады.
24 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 10 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз +2…+4°C болады.
Алматы
22 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта желдің екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +14…+16°C болады.
23 қазан: күн ала бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Желдің жылдамдығы секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +7…+9°C болады.
24 қазан: күн ала бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +3…+5°C болады.
Шымкент
22 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C болады.
23 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C болады.
24 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 20 метр. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C болады.
21 қазанда Өскемен мен Семейде алғашқы қар жауды. Коммуналдық қызметтер жолдарды тазалап, қауіпті учаскелерге арнайы қоспалар сеуіп жатыр. Ал жүргізушілер дөңгелек ауыстыру орындарында кезекке тұрды. Тасжолдарда қозғалысқа шектеулер енгізілді. Синоптиктер алдағы күндері тағы да қар жауып, аяз болатынын ескертеді.