"Бірден 102-ге қоңырау шалыңыз": полиция қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Фото: Zakon.kz
Астана қаласының Полиция департаменті 2026 жылғы 21 қазанда азаматтарға алаяқтардан сақ болуды ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, телефон және интернет арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеген.

"Банктен" қоңырау шалса

Сізге "банктен" қоңырау шалып, SMS арқылы келген кодты сұрады ма? Тұтқаны қойыңыз! Банк қызметкерлері мұндай кодтарды ешқашан сұрамайды.

"Жақыныңыздан" хабарлама келсе

Анаңыз жаңа нөмірден жазып, шұғыл ақша аударуды сұрады ма? Оның бұрынғы нөміріне қоңырау шалып, мән-жайды анықтаңыз.

Сілтемесі бар SMS келсе

Төлем жасауға арналған сілтемесі бар SMS келді ме? Сілтемені ашпаңыз! Сайттың мекенжайын тексеріп, төлемді тек ресми қосымшалар арқылы жасаңыз.

"Күмәндансаңыз, бірден 102 нөміріне қоңырау шалыңыз", – деп ескертті полиция.

Тәртіп сақшылары смартфонның цифрлық әлемге ашылатын есік екенін атап өтті.


"Алаяқтар бұл есікті сирек бұзып кіреді. Көбіне оны өз қолыңызбен ашуыңызды сұрайды", – деп түйіндеді Астана қаласының Полиция департаменті.

Бұған дейін Қазақстан полициясы интернет-алаяқтардың жаңа психологиялық айласы туралы ескерткен еді. Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қаскөйлер алдымен өздерін байланыс операторларының немесе түрлі ұйымдардың қызметкерлері, кейін полиция қызметкерлері ретінде таныстырады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған