Алматыда қар жауып, түнде –6°С-қа дейін суытады: үш қалаға арналған үш күндік ауа райы болжамы

Фото: Zakon.kz
Алдағы үш күнде Алматыда жаңбыр мен жылбысқы қар жауып, түнде ауа температурасы –6°С-қа дейін төмендейді. Астанада жауын-шашын болмайды, алайда түнде –7°С-қа дейін суытады. Ал Шымкентте күн жауын-шашынсыз өтіп, ауа температурасы нөлден төмен түспейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған 2026 жылғы 23–25 қазанға арналған ауа райы болжамында айтылған.

Астана

23 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –2…–4°С, күндіз 0…+2°С болады.

24 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде –5…–7°С-қа дейін суытып, күндіз ауа температурасы +2…+4°С болады.

25 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 2–7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –3…–5°С, күндіз +6…+8°С болады.

Алматы

23 қазанда күн ала бұлтты болып, түнде жаңбыр мен жылбысқы қар жауады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні кей уақытта секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +8…+10°С болады.

24 қазанда күн ала бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні секундына 13 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы –2…–4°С-қа дейін төмендеп, үсік жүреді. Күндіз +3…+5°С болады.

25 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы –4…–6°С-қа дейін төмендеп, үсік жүреді. Күндіз +3…+5°С болады.

Шымкент

23 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +16…+18°С болады.

24 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +13…+15°С болады.

25 қазанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +13…+15°С болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қалың қар жауып, бұрқасын соғатынын және түнде ауа температурасы –3°С-қа дейін төмендеп, үсік жүретінін ескерткен еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді