Атап айтқанда, казино мен ойын автоматтары залдарының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға қатысуына тыйым салынған жеке тұлғаларды ойынға жібермеуге тиіс екені нақтыланды.
Сондай-ақ арнайы белгіленген жекелеген аумақтарда орналасқан, тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған казино мен ойын автоматтары залдарына кіру тәртібі айқындалды.
Мұндай мекемелерге тек:
- - шетел азаматтары;
- - азаматтығы жоқ адамдар;
- - ойын мекемесінің қызметкерлері;
- - еңбек немесе қызметтік міндеттерін орындау үшін келген өзге де адамдар кіре алады.
Бұл талап казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар, сондай-ақ олардың кассалары орналастырылуға тиіс жекелеген аумақтардағы аталған мекемелерге қатысты.
Бұйрық 2026 жылғы 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.