Бектенов Көлік министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі қызметіне тағайындалған Әсел Жанасованы министрлік ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында Премьер-министр Нұрлан Сауранбаевқа еліміздің көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Әсел Жанасованың мол еңбек тәжірибесі атап өтілді. Әсел Жанасова әр жылдары "Зерде" холдингі және "Қазпошта" акционерлік қоғамын басқарған. Сонымен қатар сауда және интеграция вице-министрі, Президент кеңесшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Олжас Бектенов сала алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

"Президент келесі жылды ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Бұл көлік инфрақұрылымын дамыту саласын да қамтиды. Алдымызда тұрған міндеттер айқын. Еліміздің географиялық орналасуын ескере отырып, қолда бар әлеуетті барынша тиімді пайдалануымыз керек. Келер жылы көлік саласының барлық бағыты бойынша ірі жобаларды іске қосу жоспарланған. Сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет", — деп атап өтті Премьер-министр.

Көлік министрлігінің негізгі басым бағыттары қатарында жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысының жоғары сапасын қамтамасыз ету, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту, 2027 жылы автомобиль өткізу пункттерін реконструкциялауды аяқтау, сондай-ақ Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайту міндеттері айқындалды.

Еске салайық, бұған дейін Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады