Журналистер министрге университеттің бұл оқиғаға қатысты түсініктеме бермей отырғанын айтты.
"Бұл жағдайда университет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабын басшылыққа алып отыр. Оған сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмеуге тиіс. Біз де БАҚ өкілдерінен осыны ескеруді сұраймыз. Қазір тергеуге қатысты талқылау қызу жүріп жатыр. Біз ресми түрде де ешқандай түсініктеме берген жоқпыз, өйткені Алматы полиция департаменті бізге қатаң тыйым салды. Тыйым салды деу дұрыс болмас, бізге: "Процестік әрекеттер жүріп жатқан кезде кез келген мәлімдеме мен түсіндірмеде абай болуларыңызды сұраймыз", – деді", – деп түсіндірді Нұрбек.
Оның айтуынша, тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін полиция да оқиғаға қатысты түсініктеме береді.
"Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция департаментіндегі әріптестерімізден де түсініктеме беруді сұраймыз. Біз Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарын сақтауға міндеттіміз. Әзірге айта алатыным – қыздың қамқоршыларымен бірден байланысқа шықтық. Барлық шығынды университет өз мойнына алды. Төлемді де қалпына келтірдік", – деп түйіндеді министр.
2026 жылғы 6 қарашада Алматыдағы ҚазҰУ студенттер қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты. Қайғылы оқиға кешкі уақытта болған.