Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 18 қарашада хабарлағандай, заң талаптарын елемей, түнгі ойын-сауықтан пайда табуға тырысқан мекеменің әрекеті осылай аяқталған.
"Алматы қаласы Медеу ауданының полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды сағат 22:00-ден кейін кіргізгені үшін "ZION" түнгі клубының иесін жауапкершілікке тартты. Иесіне қатысты әкімшілік материал жиналды. Істі қарау нәтижесінде қатаң шаралар қабылданды: сот шешімімен клубтың қызметі үш айға тоқтатылып, иесіне 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды", – делінген полиция хабарламасында.
Полиция өкілдерінің пікірінше, бұл өзге кәсіпкерлер үшін сабақ болуы керек. Яғни коммерциялық мүдде заң талаптарынан жоғары тұрмауы тиіс. Кәмелетке толмағандарды түнгі ойын-сауық орындарына кіргізу мекеме қызметінің тоқтатылуына дейін әкелетін нақты жауапкершілікке соқтырады.
Дәл осындай жағдай Алматының Жетісу ауданындағы тағы бір мекемеде де тіркелген. Түнгі рейд кезінде полицейлер Жангелдин көшесіндегі "5 Жұлдыз" ойын-сауық орнынан кәмелетке толмаған қызды анықтаған.