Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды
Сурет: Қостанай облысы полиция департаменті
Жақын маңда болған супермаркетке келушілердің бірі зейнеткердің алаяқтардың ықпалына түсуі мүмкін екенін байқап, араша түскен.
Ол әйелге ықтимал қауіп-қатерді түсіндіріп, алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері туралы айтып берген. Сондай-ақ ақшаны аудармауға көндірген. Осыдан кейін оқиғаға қатысушылар болған жағдай туралы 102 нөміріне хабарлаған.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары жетті. Олар мән-жайды анықтау үшін зейнеткерді Қостанай қалалық полиция басқармасына жеткізді.
Қала тұрғынының қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекетінің арқасында 500 мың теңгенің алаяқтардың қолына түсуіне жол берілмеді.
Полиция алаяқтар адамдарға психологиялық қысым көрсетіп, жинаған ақшасын белгісіз шоттарға аударуға көндіретінін ескертеді. Бейтаныс адамдардың нұсқауымен қаржылық операциялар жасамау керек. Күдікті жағдайға тап болсаңыз, 102 нөміріне хабарласқан жөн.