Бұл туралы 2026 жылғы 18 қарашада Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады.
Мамандардың айтуынша, жаңа бағдаршамның арқасында жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің тұрғындары жолдан қауіпсіз өте алады.
Сонымен қатар осы учаскеде жүргізушілер үшін кері бұрылуға рұқсат берілді.
"Бұл сапар қашықтығын қысқартуға және кері бұрылу үшін ірі жол қиылыстарына дейін бару қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді", – деп хабарлады Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы.
Осы өзгерістерге байланысты ведомство жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді мұқият болуға, бағдаршам белгілерін сақтауға және жаңа жол белгілерін ескеруге шақырды.
Айта кетейік, Алматыда жаңа метро станциясының құрылысына байланысты 2026 жылғы 13 қарашадан бастап Алатау даңғылының Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.