Қазақстандық танымал футболшы, төреші әрі жаттықтырушы Николай Дрютов қайтыс болды

Сурет: instagram/sport_basqarmasy_astana
Қазақстан футболының ардагері, танымал ойыншы, төреші және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Николай Дрютов 82 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды 2026 жылғы 18 қарашада Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 17 қарашада дүниеден озған.

Николай Дрютов 1945 жылғы 1 ақпанда Воронеж облысының Октябрьский кентінде дүниеге келген. Алайда бүкіл өмірі мен кәсіби мансабын Астана қаласымен байланыстырды.

Целиноградтағы "Локомотив" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі футболдағы жолын шабуылшы ретінде бастаған. 1970 жылы жергілікті "Динамо" командасына қосылып, көшбасшылық қабілетімен көзге түскен.

Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін Николай Семенович төрешілікке ауысып, 1981–2004 жылдар аралығында матчтарға қазылық етті.

Республикалық санаттағы төреші әрі Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы ретінде ол елордалық төрешілердің тұтас бір буынын тәрбиеледі. Оның тәлімгерлігімен Астанадан шыққан алғашқы FIFA төрешісі Сергей Кенетаев үлкен футболға жолдама алды.

1990 жылдары және 2000 жылдардың басында Дрютов қалалық спорт және дене шынықтыру комитетін басқарды. 1996 жылы елордалық спорт департаментінің жетекшісі болды. Кейін Олимпиадалық резервті даярлау орталығын басқарды.

Ол елорданың спорт инфрақұрылымының қалыптасуына атсалысып, "Жеңіс" футбол клубының құрылуына елеулі үлес қосты. Бұл еңбегі үшін Қазақстан футбол федерациясы басшылығы тарапынан да жоғары бағаланды.

"Николай Семеновичтің өмір жолы – спортқа шынайы қызмет етудің, өз ісіне адалдықтың және жас ұрпаққа қамқорлық көрсетудің үлгісі. Оның есімі Астана мен бүкіл Қазақстан футболының тарихында мәңгі сақталады. Қазақстан футбол федерациясы Николай Семеновичтің туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ оны таныған барша жанға қайғырып көңіл айтады", – делінген ұйымның хабарламасында.

Бұған дейін Аргентинада жастар турнирі кезінде матч барысында басынан ауыр жарақат алған жас футболшы Абель Нуньес қайтыс болған еді.

Қазақстан
Футбол

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"Тарихта алғаш рет" – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді