Қарағанды хайуанаттар бағында жаңа ерекше құс пайда болды

Сурет: pexels
Қарағанды хайуанаттар бағында ерекше құс – Сабыржан есімді жас бұйра бірқазан пайда болды. Қанаты қатты жарақаттанған құс Ұлытау облысынан жеткізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, бірқазанның оқиғасы қазан айының ортасында басталған. Сол кезде Сәтбаев қаласының көшелерінен қорқып, әлсіреп қалған құс байқалған. Болжам бойынша, балапан ата-анасымен бірге оңтүстікке қоныс аудару кезінде электр желісіне соғылып, тоққа түскен болуы мүмкін.

Құсты аман алып қалу үшін еріктілер оны экологиялық орталыққа жеткізіп, Сабыржан деп атаған. Кейін бірқазанды Қарағанды хайуанаттар бағына жіберген. Шамамен 600 шақырымдық жолды құс жақсы өткерген.

Мамандар тексеру кезінде оның қанатының қатты зақымданғанын анықтады. Енді Сабыржан жабайы табиғатта өздігінен тіршілік ете алмайтын басқа құстармен бірге хайуанаттар бағында өмір сүреді.

Айта кетейік, бірқазанды күніне екі рет тамақтандырады. Оның ас мәзіріне минтай, мөңке және табан балығы кіреді.

Бұған дейін Қазақстанда елді мекен маңынан қанаты сынған Қызыл кітапқа енген сирек құс табылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

"Тарихта алғаш рет" – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

Евро-2028 іріктеу ойындарының жеребесінде Қазақстан төртінші себетке "түсті"