Антибиотик қабылдағаннан кейін ағзаны қалай қалпына келтіруге болады – дәрігер кеңесі

Фото: freepik
Антибиотик қабылдағанда ішек микрофлорасының табиғи тепе-теңдігі бұзылуы мүмкін. Жалпы практика дәрігері Амир Ханның айтуынша, оны қалпына келтіруге күнделікті тұтынатын тағамдар, таза ауада серуендеу, тіпті үй жануарларымен уақыт өткізу де көмектесуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігердің кеңестерін Daily Mirror басылымы жариялады.

Амир Ханның айтуынша, антибиотиктер зиянды бактериялармен қатар ас қорытуға қатысатын пайдалы микроорганизмдерге де әсер етеді. Сондықтан емдеу курсы аяқталған соң ішек микрофлорасының қалпына келуіне көмектесу үшін тамақтануға көңіл бөлген жөн.

Дәрігер ең алдымен ас мәзіріне пребиотиктерге бай тағамдарды қосуды ұсынады. Пребиотиктер ішектегі пайдалы бактерияларға қорек болады. Олар сарымсақта, пиязда, порей пиязында, қояншөпте және бананда кездеседі.

Пробиотиктердің де маңызы зор. Бұлар – ішек микрофлорасының алуан түрлілігін сақтауға көмектесетін тірі микроорганизмдер.

Дәрігердің айтуынша, олар мына тағамдарда кездеседі:

Маман өсімдік тектес тағамдарды да түрлендіріп жеуге кеңес береді. Ас мәзірінде түрлі түсті көкөністер мен жемістер неғұрлым көп болса, ағза ішектің қалыпты жұмысына қажетті қоректік заттар мен тағамдық талшықтардың соғұрлым көп түрін алады.

Амир Хан тамақтанумен қатар күнделікті әдеттерге де көңіл бөлу керегін айтады. Ол табиғат аясында жиі серуендеуге, бау-бақшамен айналысуға және үй жануарларымен көбірек уақыт өткізуге кеңес береді. Мұндайда адам қоршаған ортадағы әртүрлі микроорганизмдермен жиірек жанасады.

Дәрігердің пікірінше, антибиотик қабылдағаннан кейін ағзаны қалпына келтіру үшін күрделі тәсілдерге жүгінудің қажеті жоқ. Алдымен ас мәзірін түрлендіріп, денсаулыққа пайдалы күнделікті әдеттерден бастаған жөн.

Бұл материал ақпараттық мақсатта берілген және дәрігердің жеке тағайындауын алмастырмайды. Денсаулығыңызға қатысты шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.

Бұған дейін қант диабетіне шын мәнінде қандай факторлар себеп болуы мүмкін екенін жазған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады

"Күн жауын-шашынды болады". Еліміз бойынша 20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Путин, Си Цзиньпин және Трамп бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды