Қоғамдық көлікте келе жатқанда ер адам қыздың бөксесінен ұстаған. Мұны басқа жолаушы байқап қалып, оған ескерту жасаған. Осыдан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.
"Полиция қызметкерлері қалалық автобуста жолаушы қызға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған 33 жастағы ер адамды ұстады. Оқиға кезінде оның мас болғаны анықталды", – деп хабарлады 2026 жылғы 20 қарашада Астана полиция департаменті.
Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.
Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.