Басылымның жазуынша, осы сенбіде жауапкершілік пен тәртіпке жауап беретін Сатурнның кері қозғалысы маңызды рөл атқарады. Қаржылық қиындықтар мен күрделі сынақтар кезеңінен кейін сабырлылық пен ресурстарды дұрыс басқара білудің арқасында еңбектің жемісі көріне бастайды.
Торпақ
Торпақтар үшін кіріс пен шығысты саралайтын уақыт туды. Сатурнның кері қозғалысы қаржы жинауға кедергі келтіретін әдеттерді анықтап, ақшаның орынсыз жұмсалуына жол бермеу үшін неден бас тарту керегін түсінуге көмектеседі.
Сенбі күні бюджетті қайта қарап, алдағы уақытқа қаржылық жоспар құруға қолайлы. Шоттағы қаражат әзірге ойдағыдай болмаса да, ақшаны саналы түрде жұмсауға көшудің өзі молшылыққа бастайтын алғашқы қадам болмақ.
Тауешкі
Тауешкілердің қаржылық жағдайы жақсарып, табыс көзі көбейе бастайды. Алайда бұл кездейсоқ сәттілік емес, төзімділік пен таңдаған бағытынан таймай еңбектенудің нәтижесі болмақ.
21 қарашада Сатурнның кері қозғалысы қазіргі табыстың бұрынғы еңбектің жемісі екенін еске салады. Бұл белгі өкілдері үшін табандылық әлі де жетістікке жетудің басты кепілі болып қала береді.
Сарышаян
Сарышаяндар молшылықты өзіне тарта біледі, дегенмен әр жетістігіне өздері де таңғалуы мүмкін. Сенбі күні олар қаржылық жоспарларының ойдағыдай жүзеге асқанын байқайды.
Сатурн жоғары бағалайтын тәртіп пен жүйелілік бұл белгі өкілдерін дұрыс жолға бағыттады. Енді қол жеткізген нәтижені бекітіп, алға нық қадам басу ғана қалды.
Жұлдыз жорамалдар болжамға негізделген және нақты нәтижеге кепілдік бермейді. Кез келген сәйкестік кездейсоқтық болып саналады.