Атап айтқанда, Алтынбел, Новополяковка және Солоновка ауылдарында жаңа ветеринариялық пункттер ашылып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.
Сурет: ШҚО облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа нысандар ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға, ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы тексеруден өткізуге және қажетті профилактикалық шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Сурет: ШҚО облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Үлкен Нарын ауданының экономикасында ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы ерекше орын алады. Осыған орай ветеринариялық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – мал басының саулығын сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және шаруашылықтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі.
Сурет: ШҚО облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа ветеринариялық пункттердің ашылуы ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға, ветеринариялық қауіпсіздікті нығайтуға және ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
Сурет: ШҚО облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл бастама – ауылдық аумақтарды дамытуға, аграрлық саланы қолдауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игілікті істердің жарқын көрінісі.