"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар жауады. Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашын мол түседі", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ республика аумағында тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде көктайғақ болады.