Жас жігіт тәулікке пәтер жалға беретін болып, шын мәнінде жоқ тұрғын үйлер туралы хабарландырулар жариялаған. Бұл туралы 2026 жылғы 23 қарашада Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
"Пәтер іздеген азаматтар ұсынысқа сеніп, баспана жалдаймыз деп хабарласқан. Алайда тартымды хабарландырулардың артында алаяқтық схема жасырынған. Уәде етілген пәтердің орнына адамдар алаяқтардың құрбаны болған", – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта ер адамның алаяқтықтың 32 дерегіне қатысы бары анықталды. Ол ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматының Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінен полицейлер коллекция ретінде сақталған қару-жарақ қоймасын анықтаған болатын.