Қазақстанның 213 жерінде мобильді байланыс әлі де нашар

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда мобильді байланыс сапасы төмен, әлі күнге байланысы мүлде жоқ 213 учаске бар. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 24 қарашада Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан картасында әлі де 213 "байланысы нашар жер" бар: қай өңірлерде мобильді байланыс мәселесі шешілмеген?

Министрдің айтуынша, 2024–2025 жылдары Қазақстан бойынша мобильді байланыс мәселесі бар 1 052 учаске анықталған. Қазір олардың 213-інде байланыс мәселесі әлі шешілмеген.

"Осы учаскелердің әрқайсысында әкімдіктер байланыс нысандарын салу үшін жер бөліп, оларды электр желілеріне қосуды қамтамасыз етуі керек. Әкімдіктер байланыс операторларымен бірлесіп, тұрғындарға жабдықтардың қай жерге орнатылатынын және оның байланыс сапасын қалай жақсартатынын түсіндіруі қажет. 2026 жылы жоспарлы өлшеу жұмыстары кезінде тағы 289 "ақтаңдақ" анықталды. Оның 70-інде мәселе шешілді. Жұмыстар созылып кеткен учаскелерде операторлар байланыс алаңдары мен мұнараларды бірлесіп пайдалануы керек", – деді Жаслан Мәдиев.

Ол учаске тек қайта жүргізілген өлшеу нәтижесінде тұрақты байланыс бар екені расталғаннан кейін ғана бақылаудан алынатынын атап өтті.

"Әкімдіктер драйв-тест жүргізу туралы келісімшарт талаптарын Мемлекеттік радиожиілік қызметімен алдын ала келісуі қажет. 2027 жылғы қаңтардан бастап әкімдіктер уәкілетті органмен бірлесіп, еліміздің барлық ауылындағы мобильді байланыс сапасын тексеруге кірісуі керек", – деді министр.

Сондай-ақ Жаслан Мәдиев өз таныстырылымында Қазақстан өңірлері бойынша мобильді байланыс мәселесі бар учаскелердің санын және әр байланыс операторы жоюы тиіс "ақтаңдақтар" туралы мәліметтерді ұсынды.

Сурет: видеодан алынған

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды

Алматы әкімі Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады