Екібастұз ГРЭС-1 аумағында жұмысшыны тоқ соғып мерт болды

Сурет: gres1.kz
Павлодар облысындағы Екібастұз ГРЭС-1 электр станциясының аумағында мердігер ұйымның қызметкері өндірістік жазатайым оқиғадан қаза тапты. Оқиға 19 қарашада болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта кәсіпорын аумағында екі адамның көз жұмғаны айтылған. Алайда өңірлік мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті әзірге бір адамның қазасы туралы ғана мәлімет түскенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 1984 жылы туған ер адамды электр тогы соғып, алған ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Қазір "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС аумағында болған қайғылы жағдайға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүріп жатыр. Марқұм мердігер ұйымның қызметкері болған.

Еңбек инспекциясы департаменті кәсіпорында өзге де жазатайым оқиғалар болғаны туралы ақпараты бар азаматтарды құзырлы органға хабарлауға шақырды.

Тексеру аяқталған соң оқиғаның себептері мен мән-жайы белгілі болады.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" топ-менеджерінің ұсталғанын мәлімдеді

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады

"Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында Жетісу облысына 37 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді