Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады

Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 21:54 Сурет: видео скрині
Алматыдағы Алматы-1 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Нысанды жуық арада пайдалануға беру жоспарланған. Қазір ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары мен аумағын абаттандырудың соңғы кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев вокзалға барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында нысанның қазіргі жағдайын көрсететін бейнежазба жариялады.

Кадрлардан ғимараттың сыртқы бөлігі негізінен дайын болғанын, ал ішінде соңғы әрлеу жұмыстары қалғанын көруге болады.

Әкім орынбасарының айтуынша, қала тұрғындары вокзалдың қайта ашылуын асыға күтіп отыр.

Мердігер компанияның мәліметінше, ғимаратқа қажетті жиһаз толық жеткізілген. Қазір оны жинақтау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар вокзал ішінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының музейі мен капсулалық қонақүй ашу көзделген. Лифтілер мен эскалаторлар да іске қосылған.

25 қарашадан бастап вокзал ғимаратын тазалау жұмыстары басталады.

Нысанның сыртындағы аумақта да жұмыстар аяқталуға жақын. Атап айтқанда, аумақты абаттандыру, гранит төсеу және пойыздар кестесі көрсетілетін ақпараттық экран орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нысанды аралау кезінде Алмасхан Сматлаев ғимараттың безендірілуі мен көшедегі жарықтандыруға қатысты бірқатар ескерту жасады. Сондай-ақ вокзалдың алдағы уақытта базарға айналып кетпеуін қадағалап, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін арттыру қажеттігін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: