Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді. Қонаев қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады. Іле Алатауының Алматы қаласындағы Медеу және Бостандық аудандарына қарасты таулы аймақтарында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей уақыттарда 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысында жауын-шашын түседі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ, ал батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Қостанай қаласында көбіне қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Солтүстігі мен шығысында көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз батысында, оңтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады. Орал қаласында күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Күндіз де жауын-шашын түсіп, жолдар көктайғаққа айналады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел түнде облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Атырау қаласында кей уақыттарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 23 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Жетісу облысының солтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Қарағанды қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз желдің екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді.
Астанада оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың батысы мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Жезқазған қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады.
Ақмола облысының батысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Астанада оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Көкшетауда күндіз жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысында жаңбыр мен қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе қаласында кей уақыттарда жаңбыр мен қар жауып, жолдар көктайғаққа айналады. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысып, екпіні 15-18 м/с болады.
Қызылорда облысында жаңбыр мен қар жауады. Батысы мен солтүстігінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Шығысы мен орталығында тұман түседі. Батыстан соққан жел түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, батысы мен солтүстігінде екпіні 23 м/с-қа жетеді. Қызылорда қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында күндіз жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Тараз қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел түнде облыстың батысы мен орталығында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, батысы мен орталығында екпіні 24-29 м/с-қа жетеді. Семей қаласында оңтүстік-шығыстан соққан желдің таңертеңгі және күндізгі екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында түнде аздаған қар жауады. Солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады. Өскемен қаласында оңтүстік-шығыстан соққан желдің таңертеңгі және күндізгі екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Шымкент қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с болады. Түркістан қаласында да жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысында жаңбыр мен қар жауады. Батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтау қаласында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді.