Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 15 тәулікке қамалды

Сурет: polisia.kz
Алматы – Орал бағытындағы рейске ұшу алдындағы тексеру кезінде масаң күйдегі жолаушы құқық бұзған. Әуе компаниясы өкілдерінің актісі негізінде Алматы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері Оралдың 40 жастағы тұрғынын рейстен түсіріп, полиция бөлмесіне жеткізді.

Тексеру барысында ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны, агрессивті мінез-құлық танытып, әуе компаниясы қызметкерлерінің атына балағат сөздер айтып қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Құқық бұзушы алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету Көліктегі ПД қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Көлік полицейлері қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүру, балағат сөздер айту, азаматтар мен әуе кемесі экипажының мүшелерін қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" топ-менеджерінің ұсталғанын мәлімдеді

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында Жетісу облысына 37 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында "Жібек жолы" мен "Гишт-Куприк" өткізу пункттері ашылды

56 жастағы әйел шынайы ер адамдардан бас тартып, ЖИ-мен қарым-қатынасы туралы күтпеген шындықты айтты