Анасы мен өгей әкесі балалардың көзін скотчпен байлап, орманға тастап кеткен
Сурет: magnific
SÁBADO басылымының прокуратураға сілтеме жасап жазуынша, анасы мен өгей әкесі үш және бес жастағы балаларды Алкасер-ду-Сал қаласының маңындағы елсіз орманды жерге апарған. Ересектер балалардың көзін скотчпен жауып, орманда жасырылған затты тауып алуға тиіс екенін айтып, мұны ойын ретінде түсіндірген. Содан кейін екеуі балаларды қараусыз қалдырып, көлікпен кетіп қалған.
Балалар біраз уақыт бойы бейтаныс орман ішінде өз беттерінше жүріп, өсімдіктерден, жабайы жануарлардан және басқа да кедергілерден қауіп төнген. Кейін оларды жергілікті наубайшы Александр Кинташ тауып алған. Балалардың жанында киім салынған рюкзактар, екі алма, бір бөтелке су және екі қорап печенье болған.
Іс материалдарында өгей әкенің балалардың бірі Захари Делионға дене жарақатын салғаны да жазылған. Айыптау нұсқасы бойынша, анасы болған жағдайды көргенімен, араша түспеген және ұлын қорғауға тырыспаған.
Айыпталушылардың әрқайсысына төрт қылмыс бойынша айып тағылған. Оның екеуі – тұрмыстық зорлық-зомбылық, қалған екеуі – балаларды өміріне қауіп төндіретін жағдайда қалдыру дерегі. Прокуратура балалардың жастарына байланысты орманда өздерін өздері қорғай алмағанын атап өтті.