Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 15 тәулікке қамалды
Сурет: polisia.kz
Тексеру барысында ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны, агрессивті мінез-құлық танытып, әуе компаниясы қызметкерлерінің атына балағат сөздер айтып қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.
Құқық бұзушы алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету Көліктегі ПД қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Көлік полицейлері қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүру, балағат сөздер айту, азаматтар мен әуе кемесі экипажының мүшелерін қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.