Жаңалықтар тізбегі
0

Ұшақта темекі шеккен елордалық әйелге 184 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

Темекі шегу, ұшақ, елордалық әйел, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2024 22:31 Сурет: unsplash
Камрань-Астана бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе компания өкілдерінің актісі бойынша құқық бұзған әйелді түсіріп алды. Ол ұшақтың дәретханасында электронды темекі шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында көлік полицейлері елорданың 36 жастағы тұрғынын анықтады. Ол ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында электронды темекі шеккен.

"Жолаушы әйелге қатысты әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Бортта темекі шегу өрт қауіпсіздігі нормаларына қайшы келеді. Ұшақта кез келген ұшқыннан тұтанып кететін тез өртенгіш материалдар көп", делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ темекіден шыққан түтін жолаушылар мен ұшақ персоналына қолайсыздық тудырып, зиянын тигізетіні де ескертіледі.

2024 жылы Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері еліміздің теміржол және әуе көлігі объектілерінде 44 440 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 4 278, қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 3 472, темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін 1 341 және тағы басқа да құқық бұзушылықтар анықталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: