Түкке керегі жоқ. Ресейлік композитор Ержан Максим қатысқан байқауды жамандап тастады

Ресейлік композитор бұл байқаудағы жеңісті "пирровой" (шығынын ақтамайтын жеңіс) деп атады.

Ресейлік әнші әрі композитор Юрий Лоза "Бесінші арна" телеарнасына берген сұхбатында "Junior Eurovision" халықаралық байқау ережелерін сынға алып, биылғы жеңімпаздарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Өз сұқбатында Лоза Евровидениені мүлде көрмейтінін айтты: балаларға да, ересектерге де арналғанын.

Юрий Лоза/ Сурет kp.ru

- Британдықтар барлығын өздеріне ыңғайлы етіп жасап алған.Сондықтан мұндағы жеңістің ешкімге де керегі жоқ, өйткені жеңімпаз бұл байқауды өз елінде, ана тілінде өткізуге құқығы жоқ, - дейді композитор.

Сонымен қатар, ресейлік композитор бұл байқаудағы жеңісті "пирровой" (шығынын ақтамайтын жеңіс) деп атады.

"Құдайға шүкір, біз жеңбеппіз", - деп қорытындылады өз сөзін Лоза.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді құттықтады

Junior Eurovision-2019 халықаралық байқауының бас жеңімпазы Польша елінің өкілі Виктория Габор болды. ІІ-орын - Қазақстан өкілі, ІІІ-орында - Испания. Ресейлік Татьяна Меженцева мен Денберел Ооржак 13-орынға ие болды.

І-орынға пара-пар отандасымыздың халықаралық байқаудағы өнерінің видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.

Ержан Максим Ресейдің "Бірінші арна" телеарнасынан берілетін "Балалар дауысы" шоуына қатысып, танымал болды. Ресейдің өзінде оның аяғынан шалушылар болды. Бірақ байқау соңында әділдік орнады. Ең алдымен, бұл шоуда жеңімпаз ретінде ресейлік әнші Алсудың қызы Микелла Абрамованың аты аталды, ал ІІ-орын қазақстандыққа бұйырған. Бірақ кейінірек дауыс беру кезінде заңсыздық тіркелгені белгілі болды. Сондықтан кейінірек бағдарламаның "Арнайы шығарылымында" осы байқаудың барлық жеңімпаздарының аты аталған кезде Ержан Максимнің де аты жарияланды.

Қазақстан алғаш рет Junior Eurovision байқауына былтыр, 2018 жылы қатысты. Минскіде (Беларусь) өткен байқауға 12 жасар әнші Данелия Төлешова қатысып, "Өзіңе сен" әнін орындады. Ол VI-орынға ие болды. Ол кезде де І-орынды "Мен кім болғым келеді" әнін орындаған польшалық Роксанна Венгель жеңіп алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: