MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады

MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 17:11 Сурет: MEGOGO
Демалысқа ертерек аттанғыңыз келе ме? Олай болса, сізді планетамыздың түкпір-түкпіріне жеткізетін MEGOGO ұшағының бортына шақырамыз. Прованстың ерекше атмосферасына, шуақты Веронаға бойлаңыз немесе шынайы өмірде баруға ешқашан батылыңыз бармайтын елдерді аралаңыз.

Осы фильмдер жинағымен бірге сіз басты кейіпкерлер сияқты әзілмен, жеңіл романтикамен немесе бақытты мүлдем күтпеген жерден табуға көмектесетін бейтаныс жандармен бірге демалуды үйренесіз. Сондықтан өз бағытыңызды таңдап, MEGOGO-дағы ұмытылмас хикаялардан ләззат алыңыз.

Жапония — "Трудности перевода"

MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 17:11

Сурет: MEGOGO

Шулы Токио өздерін баяғыда-ақ жалғыз сезініп жүрген екі жанды кездестіреді. Голливуд актері Боб Харрис пен жас Шарлотта зәулім қонақүйдің барында танысады, бұл кездесу Жапония астанасы бойынша ғажайып шытырман оқиғаға ұласады.

Франция — "Хороший год"

MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 17:11

Сурет: MEGOGO

Лондондық трейдер Макс ескі шарап зауыты орналасқан иелікті тезірек сатып жіберу үшін келеді. Бірақ күн шуақты Прованс, балалық шақ естеліктері және сол жерде кездестірген адамдары Максты өз өміріне жаңаша қарауға және оны не шын мәнінде бақытты ететінін түсінуге мәжбүрлейді.

Үндістан — "Поезд на Дарджилинг"

MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 17:11

Сурет: MEGOGO

Әкелері қайтыс болғаннан кейін, ағайындылар қайтадан шынайы отбасы болудан үміттеніп, "Дарджилинг" пойызымен Үндістан бойынша ессіз саяхатқа аттанады. Бірақ олардың рухани ізденісі тоқтаусыз ұрыс-керіс пен жиналып қалған өкпе-реніштің астында қалады. Ақырында, ағайындыларды бейтаныс елдің қақ ортасында пойыздан түсіріп кетеді.

Италия — "Письма к Джульетте"

MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 17:11

Сурет: MEGOGO

Күн шуақты Италия мен Джульеттаға жазылған хаттарға толы ескі қабырға жас Софидің жүрегін елжіретеді. Бұл — уақыт өте келе сөнбейтін сезімдер, күтпеген саяхаттар және бәрі кеш сияқты көрінгеннің өзінде өміріңді өзгерту мүмкіндігі туралы хикая.

Исландия — "Невероятная жизнь Уолтера Митти"

MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 17:11

Сурет: MEGOGO

Уолтер Митти өмір бойы көпшіліктің бірі болды — ол тек үлкен шытырман оқиғаларды армандайтын, бірақ ештеңені өзгертуге батылы бармайтын қарапайым адам еді. Бірақ жоғалған бір фотосурет оны кеңсесін тастап, жұмбақ фотографты іздеу үшін ұзақ сапарға шығуға мәжбүр етеді.

ОАР — "Смешанные"

MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 17:11

Сурет: MEGOGO

Өмірлеріндегі ең сұмдық кездесуден кейін бір-бірін ешқашан көрмеуді армандайтын екі жалғызбасты ата-ана туралы көңілді хикая. Бірақ оның орнына Джим мен Лорен балаларымен бірге Африкадағы отбасылық курорттан бір-ақ шығады. Енді оларға бір қонақүйде тұрып, бір-біріне ғашық болып қалмауға тырысу керек.

Бали — "Билет в рай"

MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 17:11

Сурет: MEGOGO

Бұрынғы ерлі-зайыпты Дэвид пен Джорджия қыздарын асығыс некеден бас тартуға көндіру үшін Балиге аттанады. Бірақ олар үйлену тойын бұзуға тырысып жүргенде, курорттық қарбалас күтпеген жерден олардың бір-біріне жаңаша қарауына себепші болады. Бұл — екінші мүмкіндіктер мен дер кезінде оралмаған сезімдер туралы романтикалық комедия.

Еуропа — "Евротур"

MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 17:11

Сурет: MEGOGO

Скоттың неміс тілін жетілдіргісі келген қарапайым ниеті оны бір арумен таныстырады, ол үшін Скотт Еуропа бойынша ессіз саяхатқа шығуға дайын. Бірақ романтиканың орнына бұл серістерді әр елде қызық кештер, қисынсыз шытырман оқиғалар мен бейберекеттік күтіп тұр.

Гавайи — "В пролёте"

MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 17:11

Сурет: MEGOGO

Танымал тележұлдыз Сара Маршаллмен ауыр айырылысудан кейін, Питер оны ұмыту үшін Гавайиге аттанады. Алайда, жұмақ аралында толыққанды демалуға бұрынғы сүйіктісі мен оның жаңа жігіті — рок-жұлдызбен кездесіп қалуы кедергі болады.

Ибица — "Ибица"

MEGOGO жаз айына визасыз және билетсіз "кинотурларды" ұсынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 17:11

Сурет: MEGOGO

Сюжет орталығында — жаңа сүйіктісіне жақсы әсер қалдырудан үміттеніп, оның балаларымен бірге Ибицаға демалысқа баруға келіскен Филипп. Бұл — бақылаудан өте тез шығып кеткен демалыс туралы жеңіл француз комедиясы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: