Димаш Құдайберген Игорь Крутоймен байланысын үзген жоқ - продюсер

versiya.info
Барлық концерт жоспарланған кесте бойынша өтеді.

"ДимашӘли" шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова "Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген мен ресейлік композитор Игорь Крутой арасындағы әріптестік байланыс үзілді" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz Baignews.kz сайтына сілтеме жасап.

Димаш Пекиндегі компаниямен серіктесе жұмыс істейді. Одан бөлек музыкант АҚШ-тағы компания өкілдерімен, сонымен қатар Швеция, Ұлыбритания, Корея, Қытай, Франция, Ресей және басқа елдердің композиторларымен шығармашылық қарым-қатынас орнатқан.

Әншінің барлық продюсерлік жұмыстарымен "ДимашӘли" шығармашылық орталығы айналысады.

- Композитор Игорь Крутой мен Димаш Құдайберген арасында орнаған жылы әрі шығармашылық, достық қарым-қатынас бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқанын атап өткім келеді. Игорь Крутоймен бірге өткізілетін барлық концерт 2020 жылдың жоспарланған кестесі бойынша өтеді, - деді Назым Жанғазинова.

Айта кетсек, ғаламторда Қазақстан әншісі Димаш Құайберген ресейлік композитор Игорь Крутоймен байланысын үзіп, Оңтүстік Кореяның продюсерімен жұмысын жаңадан бастайды деген ақпарат тараған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты