Алматыдағы кинотеатрлардың біріне Фархат Әбдірайымовтың есімі беріледі

365info.kz
Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясы кинотеатрға актер есімін беріп қана қоймай, оның қола мүсінін де орнатуға ниетті.

Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына танымал қазақстандық актердің атын беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Baq.kz-ның хабарлауынша, Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясы кинотеатрға актер есімін беріп қана қоймай, оның қола мүсінін де орнатуға ниетті.

"Фархаттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол біздің формамызды мақтанышпен киіп жүретін және компанияның кез келген шараларын әрдайым қолдады. Өз кезегінде, біз осы тамаша адам туралы естелікті сақтағымыз келеді. Алматы тұрғындары оның отандық кино саласының дамуына қандай баға жетпес үлес қосқанын еске сақтаса екен дейміз. Сондықтан Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына Фархат Әбдірайымовтың есімін беру және кіреберісте оның қола мүсінін орнату идеясы келді", – деп атап өтті Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының PR-директоры Ерлан Бұхарбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер