«Делай красиво!» комедиясының трейлері шықты

КТК
Фильм соңында «оңай ақша адамға бақыт әкеледі ме, сиқырмен өмірді өзгертуге болады ма» деген сұрақтарға көрерменнің өзі жауап таба алады.

Қара джип, ақшалы қызмет немесе атақты болу. Қайсысы күшті?

Осы тақырыптарға тоқталатын жаңа комедияның трейлері ғаламтор желісіне жарияланды. 2022 жылдың басында «Делай красиво!» фильмі прокатқа шықпақ.

Фильмнің негізгі сюжеті армандардың оңай орындалуы жайынан өріледі. Алматылық Тимур отбасын асырай алмайды, өзі жұмыссыз. Компьютерлік ойындардың бірінде арғы атасы аруақ болып келіп, айтқан тілегін орындауды уәде етеді. Осылайша ештеңе істемей-ақ, бақыт пен мол байлыққа кеңелгісі келетін Тимурдың бастан кешкен шым-шытырман оқиғалары фильмге арқау болады.

Сурет: КТК

Фильм соңында «оңай ақша адамға бақыт әкеледі ме, сиқырмен өмірді өзгертуге болады ма» деген сұрақтарға көрерменнің өзі жауап таба алады.

«Делай красиво!» жобасын КТК телеарнасы мен ANGIME студиясы бірлесіп әзірлегенін айта кетелік.

Сурет: КТК

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды