Отандық телерадио мұраны цифрландыру: "Алтынқор" медиапорталы іске қосылды

Сурет: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызмет
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының мәдени мұраны цифрландыру бағытындағы бірегей жобасы altynqor.com медиапорталы іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Сайтта Қазақ телевизиясы алтын қорындағы 1930 жылдардан бергі видео және аудиоматериалдар, сондай-ақ Тәуелсіздіктің  жолындағы  айтулы тарихи оқиғалар топтастырылған.

Қарапайым көрерменнен бөлек, сайтты зерттеуші ғалымдар ашық дереккөз ретінде пайдалана алады.

Медиапортал «Бейнеқор», «Аудиоқор», «Тұлғалар» және  «Фотоархив» бөлімдерінен тұрады. Әр бөлімде  телевизия және радио ардагерлерінің, қазақ әдебиеті мен мәдениеті қайраткерлерінің сұхбаттары, естеліктері, жеке архиві топтастырылды.

Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бастамасын жүзеге асыру мақсатында сайтқа батырлар жырының  50 нұсқасы,  100 күй, 100 ертегі нұсқасы, «Сыңсу», Бесік жыры, «Жар-жар», «Беташар», «Жарапазан», «Жоқтау» жинақталды.

«Бейнеқор» бөлімінде С.Әшімбаев, Ш.Мұртаза, С. Оразалин жүргізген «Парыз бен қарыз», «Ұлт және сана», «Сұхбат» бағдарламаларымен қатар,  әр жылдардағы «Тамаша», «Халық қазынасы», «Асыл мұра», «Адам іздеп жүрмін», «Келесі аялдама», «Кеш жарық», «Күлтөбе» сынды 800-ден астам бөлімнен тұратын 50 телехабарлар циклы,  «Советтік Қазақстан» киножурналы мен «Қазақтелефильм» өндірістік бірлестігінің жобалары бар.

«Тұлғалар» бөлімінде К.Әзірбаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, Ш.Жиенқұлова, К.Байсейітова, Ш.Айманов, Ш.Айтматов, Қ.Мырза Әлі сынды тұлғалардың қатысуымен әр жылдары түсірілген  бейнетоптамалар қамтылды

«Аудиоқор» бөліміне 1954 жылдан бергі сақталған М.Әуезов, С.Мұқанов, І.Есенберлин, Б.Соқпақбаев, Ғ.Мүсірепов  сынды 100 ұлт қайраткерінің әр жылдары жазылып алынған дауыстары бар.

Бүгінде «Алтынқорда» 110 мыңнан астам бейне және аудиоматериал болса, оның қатары жыл сайын 1000 материалмен толықтырылып отырады. Сондықтан сайтты толтыру  ісі де тұрақты түрде жалғасады.Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады