Отбасылық жағдайына байланысты көрінбей кеткен Джонни Депп экранға қайта оралды

Сурет: Instagram/johnnydepp
Джонни Депп көптеген ірі жобадағы рөлдерінен, соның ішінде "Кариб теңізінің қарақшылары" мен "Фантастикалық мақұлықтар" франшизаларынан да айырылды, бұл оның бұрынғы әйелі Эмбер Хердтің айыптаулары мен сот процестеріне байланысты орын алған еді, деп хабарлайды Zakon.kz

Голливуд актері Джонни Депп режиссер Майвен Ле Бессконың фильмінде француз королі Луи XV-тің рөлін ойнайды, деп хабарлайды Variety .

Фильм түсірілімі жазда басталады. Фильмнің атауы мен сюжеті құпия сақталып отыр, бірақ түсірілім үш ай бойы Париждегі Версаль сарайында өтетіні аян.

Эмбер Хердтің тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша айыптауынан кейін америкалық актер 2020 жылдан бастап экрандардан көрінбей кетті. Депптің өнер көрсеткен соңғы туындысы - Эндрю Левитастың "Минамата" фильмі.

Сүйікті адам деген лақап атымен танымал Луи XV Францияда 59 жыл билік етті. Оның билік еткен кезеңі әлем тарихындағы ең ұзағы болып саналады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды