Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, үңгір Хэбэй провинциясының Шахэ қаласының шетінде орналасқан. Үңгірдің ені - 5,8 м, биіктігі – 2,8 м.
Мәдени жәдігерлерді қорғау институтының директоры Хань Чжиган белгіленген жерден батысқа қарай биіктігі екі метр және ені 69 см болатын тастан қашалған тақтайша табылғанын айтты. Онда жергілікті отбасының ата-бабалар жерін тастап, мұнда ағаштарды баптап, егіс алқабын өңдеп, будда мүсініндерін қашап жасауға көшіп келгені туралы жазылған.
Мамандардың айтуынша, археологтардың қолына Мин әулеті кезінде ауыл құруда қоғамдық кеңістіктің қалай құрылғандығы туралы ерекше тарихи дәлел тиіп отыр. Құнды артефактілер қазірдің өзінде жан-жақты зерттеуге алынып жатыр.