"Мұқағали" фильмі Шотландия кинофестиваліне қатысып жатыр

Сурет: "Қазақфильм" АҚ
Шотландиядағы кинофестивальдің қортындысы 11 желтоқсан күні белгілі болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі кинорежиссер Болат Қалымбетовтың "Мұқағали" көркем фильмі Шотландиядағы Сент-Эндрюс кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып жатыр.

Сент-Эндрюс кинофестивалі (SАFF) - бұл халықаралық кинофестиваль және шотландтық қайырымдылық ұйымы. Халықаралық кинематография күніне арналған шарада Шотландия мен бүкіл әлем бойынша кино саласындағы жаңа таланттардың есімдері белгілі болады.

Белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Мұқағали" картинасында оның өмірінің соңғы жылдары көрсетілген. Қазақстандық прокатқа фильм 2021 жылдың 21 қазанында шыққан еді. Фильмнің әлемдік премьерасы 25-ші (PÖFF) Таллин кинофестивалі аясында өтті, онда қазақстандық картина экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, биыл наурыз айында картина Кераладағы (Үндістан) 26-шы Халықаралық кинофестивальдің "Әлемдік кино" секциясында ұсынылды. Қыркүйек айының басында «Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

Сонымен қатар фильм Гатчинадегі (Ресей) "Әдебиет және кино" Халықаралық кинофестивалінде қоюшы-суретші Ермек Өтегеновтың үздік жұмысы үшін қазылар алқасының арнайы дипломына ие болды. Қазан айында фильм Дубайдағы META Film Fest кинофестивалінде Бас жүлдеге ие болды. Фестивальде 25 елден 70-тен астам фильм көрсетілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды