Ең биік мұз айдынына 50 жыл толды: "Медеу" вальсінің авторы кім

2022 жылдың соңында жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені – Медеудің салынғанына 50 жыл толды. Алматыдан 18 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1691,2 метр биіктікте орналасқан ол табиғи мұз айдыны ретінде 1951 жылы пайдаланыла бастады.

Ал негізі, спорт нысаны 1972 жылы тұрғызылған.

Ал жақында әлеуметтік желілерде "Медеу" вальсі бейнебаяны кең таралып, қазақстандықтардың ықыласына бөленді. "Керемет вальсті тыңдадыңыздар ма?", "Әуені ғажап екен, вальстің авторы кім?", деп жазды желі қолданушылары.

Әйгілі мұз айдынына арналған лирикалық вальстің авторлары – алматылық Александр Суворов бастаған топ. Александр әлі күнге дейін әйгілі "Медеуге" арнап ән жазылмағанын әділетсіздік деп есептейді. Осылайша, мұз айдынының мерейтойында осы олқылықтың орнын толтыруды ойлапты. Сондай-ақ ол бала күнінде алғаш рет конькиде тебуді де осы "Медеуде" үйренгенін айтты.


Сурет: АПН


Протоиерей, Алматы қаласы Вознесенск соборы митрополитінің орынбасары Александр Суворов "Медеу" вальсі қалай жазылғанын айтып берді:

– Бұл ән қалай жазылы? Бұған дейін ән жазып, болмаса басқа да өнер туындыларын жарыққа жығардыңыз ба?

– Менің өлеңдерім, әндерім, жазылып бітпеген кітабым бар. Бірақ оларды басып шығару, жазыдыру үшін белгілі бір қаражат қажет. Онсыз өлеңдерді басып, ән жаздырып, бейнебаян түсіре алмайсыз. Бұл тұрғыда маған ешкім көмектеспейді. Сондықтан, мүмкіндім пайда бола сала вальс бейнебаянын түсірдік. Сөзін жақсы досым, Вознесенск соборының дін қызметшісі Максим Савельевпен бірге жаздық. Әнін өзім шығардым. Бірақ оны нотаға түсіру мен әрлеуге музыкант Мамед Садых-Пур көмектесті. Бейнебаянды бала күннен бергі досым Руслан Пушилин екеуміз ойластырдық. Менің үлкен ұлым Тихон – бейнеинженер, бүкіл бейнеқатарды сол жасады. Музыканы рояльде маэстро Максим Максимов орындады.


Сурет: АПН


– Бейнебаянда қаланың өткен тарихын еске салатын ақ-қара фотосуреттер мен видеолар кездеседі. Бөгеттің құрылысы және басқа да маңызды оқиғалар бейнеленген. Шатқалда мұз айдыны енді пайда болған кезде онда сырғанап жүрген адамдардың суреттері көрінеді. Ол кімдер?

– Бейнебаянда ата-анамның суреті бар. Ол фотосурет "Медеу" ашылған жылдары – 1972-1973 жылдың қысында түсірілген. Мен ата-анамды, мұз айдынын естелік ретінде бейнелеп, оны бейнебаянда көрсеткім келді. Бұл ән алматылықтарға қуаныш сыйласын деген ниетпен тырыстық. Бұрын бұл вальсті гитарада орындайтынмын. Енді оны фортепианоға салғым келді, сол үшін нотаға түсірілді. Осылайша, вальс жарыққа шықты. Жаңа "Медеу" композициясы барлығының көңілінен шығады деп үміттенеміз.


Сурет: АПН


Авторлар "Медеу" мұз айдынына деген бар сүйіспеншілігін жеткізуге тырысқан. Ән алматылықтардың көңілінен шықты. Жақында сахнадан естіп қалуымыз әбден мүмкін.

– Дегенмен, әуен ойлап шығару үшін белгілі бір музыкалық білім қажет шығар.

– Мен 7 жыл музыка мектебінде оқыдым, гитара, фортепианода ойнаймын. Бірақ адам қаншалықты қабілетті болса да, бір өзі барлық саланың маманы бола алмайды. Мен нашар ойнаймын, мойындаймын. Сондықтан "Медеу" вальсін жазу үшін фортепианода ойнайтын жоғары деңгейлі маман қажет еді. Осы орайда Руслан Пушилинге өте ризамын, онсыз "Медеу" вальсі болмас еді.



Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: