Димаш Құдайбергеннің Қазақстанның табиғаты туралы су жаңа бейнебаяны көпшіліктің көңілінен шықты
Сурет: YouTube/Dimash Qudaibergen
2024 жылдың 27 қарашасында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнебаян "Киелі мекенім" әніне түсірілді.
"Бейнебаянда біз Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдениетін паш етуге тырыстық.Мен Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристердің тартылатын орталығына айналатынына сенімдімін.Клип жайлы өз әсерлеріңізбен бөлісіңіздер және айналамызда әсемдік көп екенін ұмытпаңыздар!",- деп жазды әнші Instagram-да.
Айта кетейік, 40 минут ішінде клип 4 мыңнан астам қаралым, 1,5 мыңға жуық лайк және жүздеген пікірлер жинады:
- Бейнебаян болса осындай-ақ болсын!
- Супер!
- Қазақстан осыншалықты көркем бе?!
- Таңғаларлық табиғат!
- Көздің жауын алатын жауһарлар. Керемет клип!
- Мынандай сұлулықты көзбен көріп жүрген қазақстандықтарда арман жоқ шығар!
- Өте әдемі! Ғашық болдым!
- Сөзсіз тұңғиық...Жер ананың құдыреті бас иерлік!
Бұған дейін белгілі "Яшлык" ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өткені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript