Димаш Құдайбергеннің жаңа әні көпшіліктің көңілінен шығуда
Сурет: Facebook/dimash.official.dq
2025 жылғы 8 сәуірдегі таратылған ақпаратқа сүйенсек, бір ай бұрын әлемдік музыка алаңдарында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Love’s Not Over Yet" әнінің премьерасы өтті.
Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін француздық Deezer музыкалық ағынды платформасында "Love’s Not Over Yet" Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді.
Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден Топ-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын. Сондай-ақ, бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.
Бұған дейін Астанада Дженнифер Лопестің ғана емес, Крейг Дэвид, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның бірқатар үздік жұлдыздары өнер көрсететін музыкалық фестиваль өтетіні жайлы жазған болатынбыз.

