Димаш Құдайберген жақын күндері Алматыға келетінін айтты

Димаш Құдайберген, Алматы, концерт, 27 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 19:59 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әлемге аты танылған әнші Димаш Құдайберген жақында Stranger концерті еліміздің кинотеатрларынан көрсетіле бастайтынын жариялады., деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"Құрметті достар! 27 мамырда Қазақстанның барлық кинотеатрларында STRANGER жеке концертімнің премьерасы өтеді! Бұл күні мен де сіздермен бірге тамашалаймын! Жақында Алматыда кездескенше, Dears", деп жазды ол желіде.

Бұл жаңалықты әнсүйер қауымы қуана қабылдады.

Бұған дейін хабарланғандай, 26 мамырда Almaty Astana стадионында қазақстандық әнші  "D and Dears" фан-кездесуін өткізеді. Аталған іс-шара Димаштың туған күніне орайластырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: