"Кешке, тікелей эфирде". Димаш Құдайберген ел күтпеген жаңалығымен бөлісетінін айтты

 Димаш Құдайберген, тікелей эфир, TikTok, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 18:26 Сурет: instagram/KUDAIBERGENOV.DIMASH
Әлемге танылған әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлері алдында маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сесенбіде, 2026 жылы 20 қазанда Димаш алдын ала ескертпестен Tiktok-та алғаш рет тікелей эфирге шыққанын мойындады. Ол жанкүйерлерінің көпшілігі тікелей эфирге қосылуға үлгермей, көңілдері бұзылғанын да айтады.

Ал бүгін, 21 қазанда әнші бұл жағдайды түзетуге уәде берді.

"Бұл жаңалықты сіздерге айтатын сәтті көптен бері күтіп жүрмін. Енді құпияны ашатын уақыт келген сияқты! Бес сағаттан кейін TikTok-та тікелей эфирде кездесеміз", деп Димаш өз жанкүйерлерін елеңдетіп қойды.

Тікелей эфир Польша уақытымен - 19:00-де, Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Бұған дейін Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: