"Димаш та жүр". Раушан Құдайберген ұзатылып жатыр

Раушан Құдайберген, Димаш Құдайберген, ұзату той, құдалық, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 21:17 Сурет: Instagram/raushan_kudaibergen
Әлемге аты танылған атақы әнші Димаш Құдайбергеннің отбасына құдалар келді. Өнер иесінің туған қарындасы – 23 жастағы Раушан Құдайберген ұзатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылы 30 сәуірде қалыңдықтың Instagram парақшасында жарияланған видеодан белгілі болды.

Видеодан Раушанның ұлттық киімде ұзатылып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, видеода күйеу жігіттің өзі, Димаштың қарындасын сүйіп жатқан сәті, сырға салу рәсімі кезінде қалыңдықтың әкесі - Қанат Айтбаевтың көзіне жас алғаны сипатталған. Ал видео сипаттамасына тек жүректің суреті қалдырылыпты. 

Видео астында әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың миллиондаған жанкүйерлерінен құттықтау толассыз келіп жатыр. Кіршіксіз, риясыз сыртқы әрі ішкі сұлулығына тәнті көп Раушанға бақытты болуды тілеуде.

Бұған дейін Димаш Құдайберген 2025 жылы 26 мамырда өтетін Алматыдағы фан-кездесуіне арналған билеттердің қашан сатылымға шығатынын айтқан еді.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: