Димаш Құдайбергеннің қарындасы оқырмандарына жаңа қырымен танылды

Димаш Құдайбергеннің қарындасы оқырмандарына жаңа қырымен танылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 13:34 Сурет: Instagram/raushan_kudaibergen
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы – Раушан Құдайберген күтпеген жерден оқырмандарына жаңа қырымен танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 желтоқсанда желіге жүктеген суретінде Раушан кәсіби аспаз киімінде тамақ дайындап жатады. Сурет қазнетте жылдам тарап, көпшіліктің таңданысын тудырды.

Бойжеткен жазба астына "Бас аспаз режимі қосылды", деп жазған.

Өз кезегінде, оқырмандар қыздың сегіз қырлы бір сырлы екенін жазып, оның бұл талантын жоғары бағалады.

  • Раушантайым менің, жан-жақты өзі. Сені жақсы көретін жанның барын біле жүр!
  • Тамаша! Қандай үйлесімділік
  • Раушан нағыз бас аспаз болып тұрсың, киімің сондай жарасымды!
  • Керемет, өзің де, асың да, ас бөлмең де, бәрі үйлесіп тұр!
  • Өте жылы сурет екен!

Бұған дейін әнші Айқын Төлепбергеннің бесінші мәрте әке атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: