"Астана Арена" ресейлік әнші Shaman-ның концерті туралы маңызды ақпарат жариялады

«Астана Арена» Шаман концерті туралы маңызды ақпаратты жариялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 09:34 Сурет: Instagram/astanarena, Instagram/shaman.me
Әлеуметтік желіде ресейлік әнші Shaman (шын аты – Ярослав Дронов) 2025 жылдың 9 мамырында Қазақстанда концерт береді деген ақпарат пайда болды. Бұл туралы 33 жастағы өнерпаздың концерті өтуі тиіс стадион әкімшілігі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, "Астана Арена" әкімшілігі "Shaman" концерті туралы әлеуметтік желіде тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

"Интернетте ресейлік әнші Shamanның "Астана Арена" стадионындағы концерті туралы жалған ақпарат таралуда. MTEX Management ЖШС басқарушы компаниясы бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады және бұл хабарламаны таратуды сұрайды", – делінген стадионның Instagram желісінде бүгін, 18 сәуірде жарияланған ақпаратында.

Сондай-ақ, ЖШС нысандарының аумағында өткізілетін барлық іс-шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда және серіктестік сайтында жарияланатыны атап өтілді.

Дженнифер Лопестің Up All Night әлемдік турнесінің аясында Қазақстанда алғаш рет өнер көрсететіні бұған дейін хабарланған болатын. Концерт 2025 жылдың 1 тамызында "Астана Аренада" өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: