Хәрри Поттер фильмдерінің жалғасы түсіріледі

Сурет: Alamy
Warner Brothers Studios "Хәрри Поттер мен қарғыс атқан бала" жаңа франшизасын жасауға кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Warner Bros студиясы "Хәрри Поттер мен қарғыс атқан бала" картинасын үлкен экранға шығару жолын іздеп жатыр" деп хабарладыThe Sun тілшісі дереккөзге сілтеме жасап.

Мұндай шешім Вест-Энд театрындағы (West End theatre) пьесаның танымалдығына байланысты қабылданған.

"Хәрри Поттер мен қарғыс атқан бала" фильмін түсіру жоспары бастапқы кезеңде екені нақтыланды.

Режиссерлер Дэниел Рэдклиффті өз рөліне оралуға шақыруды жоспарлап отыр.

"Фильммен жұмыс істеп жатқан әрбір жан Дэниел Рэдклиффті басты рөлді көргісі келіп жатыр. Алайда алдымен оның бөлімдерін белгілеп, сценарийін жазу керек және бюджет нақтылау қажет", - деп жазды The Sun.

Фильм үлкен экранға екі бөлімде шығады.

Басылымның хабарлауынша, Дэниелмен бірге Хәрри Поттер фильмдеріне түскен Гермиона Грейнджердің рөлін сомдаған Эмма Уотсон актерлік мансабын жалғастырса, Рон рөлімен танымал Руперт Гринт жылжымайтын мүлік саласында бизнеске кеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер