Канн кинофестивалінде Джонни Депп көзіне жас алды

Сурет: wikimedia
"Жанна Дюбарри" фильмінің көрсетілімінен кейін қошеметке бөленген голливуд актері Джонни Депп көзіне жас алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 жылда актер алғаш рет Канн кинофестивалінің қызыл кілемімен жүріп өтті. Бұл жаңалық жанкүйерлерін бей-жай қалдырмады. Олар жеті минут бойы тоқтаусыз қол соқты. Осы сәтте Депп эмоциясын жасыра алмады. Сахнада көз жасын сүртіп, режиссерді құшақтады, деп жазды People басылымы.

Шарада Джонни Депп түскен "Жан Дюбарри" фильмі көрсетілді. Актер Франция королі Людовик XV-тің рөлін сомдады.

Депп үш жылдық үзілістен кейін актерлік өнерге қайта оралды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды