Халықаралық Түркі академиясының мәліметінше, аталған жиынның негізгі мақсаты – екі жылдық бірлескен жұмыс нәтижесінде жинақталған білім мен тәжірибені пайдалана отырып, түркі тілдеріне ортақ әліпби үлгісін әзірлеу болды.
"Жиында 1991 жылы ұсынылған латын қарпі негізіндегі "Ортақ түркі әліпбиі" жобасы қарастырылып, 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі келісілді. Әр әріп түркі тілдерінде кездесетін әртүрлі фонетикалық дыбысты білдіреді. Ортақ түркі әліпбиінің дамуы түркі халықтарының тілдік мұраларын сақтай отырып, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етеді", делінген академия хабарламасында.
Айта кетсек, Халықаралық Түркі академиясына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия кіреді. Ал Өзбекстан мен Мажарстан - бақылаушы елдер қатарында.
Айта кетсек, бүгін, 11 қыркүйекте Мемлекет басшысы Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады.