Күш атасы - Қажымұқан туралы фильм көрермендерге жол тартады

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында "Qajymuqan" фильмі көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, тақырыпты 10 жылдан астам уақыт зерттеген.

"Қажымұқан Мұңайтпасов – бүкіл әлем мойындаған қазақтың даңқты балуаны, күрестен әлем чемпионы атағын алған тұңғыш қазақ. Режиссердің айтуынша, Қажымұқан өзінің мықтылығын өз заманының ең жақсы балуандарын жеңіп дәлелдеген. Ол – Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода қошеметке бөленген алғашқы қазақ спортшысы. Түсірілімі 2020 жылы басталған фильм алдағы айда көрерменге жол тартады", делінген хабарламада.

Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Көлсайда жылан шаққан 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді

Астанада жеңіл автокөлік отқа оранды - видео

Алматыда тұрғындар күдікті ер адамды ұстап, полицияға тапсырды