Тоқаев опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады

Сурет: Instagram/aigerim_altynbek
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады. 

"Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін!", - деп жазды Президент. 

Еске салайық, бұған дейін қазақ опера әншісі Әйгерім Алтынбек CLIP 2025 XI халықаралық опера байқауында бірінші орынды жеңіп алғанын жазған едік.

Сонымен қатар көрермен көзайымы жүлдесін, "Үздік әйел дауысы" марапатын және музыка сыншысы, арт-директор әрі педагог Карло Майердың арнайы жүлдесін иеленді.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс