Танымал түрік актері өз үйінен өлі күйінде табылды

Сурет: Instagram/serhatkilic.official
Ыстамбұлдың Кягытхане ауданындағы үйінен 51 жастағы танымал түрік актері Серхат Мұстафа Кылыч өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Milliyet басылымының мәліметінше, Кылычтың сүйіктісі, актриса Өзлем бірнеше күн бойы онымен байланысқа шыға алмаған. Ол актердің үйіне келіп, есікті өз кілтімен ашып, оның өлі күйіндегі үстінен түскен. Оқиға орнына келген дәрігерлер актердің өлімін растады.

Актёрдің лимфа жүйесінің ісігі дертімен ауырғаны айтылады. Өлімнің нақты себебі, әзірге ресми түрде анықталған жоқ. Полиция тергеу жұмыстарын бастады, ал актердің денесі оқиға орнын тексергеннен кейін Сот-медицина институтының мәйітханасына жіберілді.

Серхат Кылыч 1975 жылы Анкара қаласында дүниеге келген. Білкент университетінің театр бөлімін бітірген және театр, кино саласымен қатар телевидениеде де еңбек еткен. Сондай-ақ актер Нури Бильге Джейланның "Қысқы ұйқы" фильміндегі рөлі үшін Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" сыйлығын иеленген.

Бұған дейін "Ердоған қайтыс болды" деген жалған ақпарат тарағаннан кейін Түркияда тергеу жұмыстары басталғаны хабарланған.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды