Эрдоған қайтыс болды деген жалған ақпараттан кейін Түркияда тергеу басталды
Сурет: pexels
Facebook-тегі қара түсті фонда "Эрдоған қайтыс болды" деген жазуы бар жарияланым тергеу бастауға себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркиядағы Halk басылымының мәліметінше, 25 тамызда Denge Gazetesi газетінің әлеуметтік желідегі парақшасында қара фонда сары және ақ түспен "Эрдоған қайтыс болды" деп жазылған сурет жарияланды. Жарияланымға өткен кезде президенттің аттас Гүлшен Эрдоған есімді азаматшаның қайтыс болғаны туралы материал ашылған.
Қайтыс болған әйелдің президентпен тек тегі бірдей болып шыққан. Осы жағдайға назар аударылғаннан кейін Айдын прокуратурасы Түркия Қылмыстық кодексінің 217/A-бабы — "Қоғамды жаңылыстыратын ақпаратты көпшілік алдында тарату" бойынша тергеу бастады.
Тергеу аясында газет өкілі Эмин Айдын, жауапты редактор Ешим Юлькен және тілші анықталды.
Материал 26 тамызда жаңартылды. Ал кликбейт жарияланымға жол берген журналистер ұсталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
