Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.
"18 қазанға жоспарланған концертіміз 20 қазанға ауыстырылды. Бұған дейін сатып алынған барлық билеттер өз күшінде қалады. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет! Билеттер Ticketon сайтында сатылымда", делінген жазбада.
Бұған дейін Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде адамдар зардап шегіп, қылмыстық іс қозғалған болатын. Желіде куәгерлер үш адамның қаза тапқанын, елуінің аяғы сынып, тағы 100 адам жарақаттанғанын айтты. Кейіннен жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды. Билеттерді шамадан тыс сатқан концертті ұйымдастырушы қамауға алынғаны белгілі.